Мәдениет министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы мен департамент басшысы сотталды

Жаңалықтар
1620

Пара алған ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы С. Уәлиев және осы министрліктің Әкімшілік департаментінің жкс-директоры Е.Дәржібаев бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Шенеуніктер «ҚазАқпарат» баспа корпорациясы» ЖШС президенті Қ.Ботбайдан пара алған. Соынмен қатар пара берген кәсіпкер де жазаға тартылды. 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қ.С.Уәлиевке, министрліктің Әкімшілік департаментінің директоры Е.Т. Дәржібаевқа, «ҚазАқпарат» баспа корпорациясы» ЖШС президенті Қ.Қ. Ботбайға қатысты ірі көлемде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады», делінген хабарламада.

Қ.Уәлиев және Е.Дәржібаев екеуі Қ.Ботбайдан діни тақырыпқа әдебиет басып шығару бойынша мемлекеттік тапсырыс шартын жасау арқылы көрсеткен жалпы көмегі үшін 37 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара алды деген күдікке ілінген болатын.

30 қазанында Нұр-Сұлтан қалалық №2 сотының үкімімен С.Уәлиев пен Е.Дәржібаевқа 8 және 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ осы үкіммен Қ.Ботбай 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...