Атырауда болған қылмысқа қатысты жаңа мәліметтер жария болды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
2120

Атырауда болған қанды қылмысқа қатысты жаңа мәліметтер жария болды. Бұл туралы журналист Жанат Молдашова айтып, оқиғаның кейбір мән-жайларын бөлісті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Журналистің айтуынша, марқұмдардың жақындары күйеу баласының мұндай қатыгез әрекетке баратынын мүлдем күтпеген. Қайғылы жағдай алдында отбасы оларды қуанышпен қарсы алуға дайындалған.

Жанат Молдашова әлеуметтік желідегі жазбасында Жангелдин ауылында жүрген кезінде туыстарының бірі айтқан оқиғаны жеткізген.

"Жангелдинде жүргенімде ағайындардың бірі: "Мақсот ағам қыз-күйеу балам қонаққа келеді деп көршіге мал сойғызып, дайындалған" деген еді. Е-е, құшақ жайып қарсы алған күйеуінің азғын болып шығатынын, қолынан мерт болатынын қайдан білсін, қайран әке", – деп жазды журналист. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...