Рудныйда 19 жастағы жігіттің өліміне байланысты екі жасөспірімге іздеу жарияланды

Фото: primeminister.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1023

Рудный қаласында 19 жастағы жігіттің өліміне байланысты екі жасөспірімге іздеу жарияланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қостанай облысы Полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, 2008 және 2009 жылы туған екі күдікті марқұммен таныс болған. Тергеу нұсқасына сәйкес, олар жас жігітті қасақана өлтірді деген күдікке ілінген.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодексінің 99-бабы, яғни «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілердің жеке басы анықталғанымен, олар әзірге ұсталмаған.

Полицияның хабарлауынша, күдіктілерді ұстау үшін Қазақстан аумағындағы барлық полиция бөлімшелеріне іздеу туралы нұсқаулық таратылған. Құқық қорғау органдары жедел-іздестіру іс-шараларын күшейтіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

6 қыркүйекте саяжай қоғамдастықтарының бірінен 43 жастағы ер адам мен 55 жастағы әйелдің денесі табы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қабардин-Балқариядағы Безенги шатқалында Мижирги тауының баурайынан қар көшкіні түсіп, 11 альпинист...