Атыраудағы қылмыс: Ақбаянға қатысты қылмыстық істің мән-жайы белгілі болды

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
609

Атыраудағы қылмысқа күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевтің бұрынғы жұбайына қатысты іс тоқтатылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Атырау облысы прокуратурасы көмекшісінің мәліметінше, тергеу барысында Ақбаян Мұқанғалиеваның бұрынғы күйеуі Сұлтан Сәрсемәлиев жасаған қылмысты жасырды деген күдікті растайтын жеткілікті дәлелдер анықталмаған. 

Осыған байланысты Ақбаян Мұқанғалиеваға тағылған адам өлтіру айыбы қылмыс құрамының болмауына байланысты алынып тасталды.

Сонымен қатар оның аса ауыр қылмысты жасырды деген күдікке қатысты материалдар жеке өндіріске бөлінген. Алайда бұл іс бойынша тергеу де кейін тоқтатылған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы “Аяжан” жекеменшік клиникасында жалған медициналық құжаттар берілуі мүмкін де...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақ ұлттық спорт университетінің (KNUS) негізін қалаушы Нұрасыл Медеу оқу орнын мемлекетке сыйға б...