Камчаткада жолаушылары бар тікұшақ апатқа ұшырады

Фото: Ресей ТЖМ

Жаңалықтар
474

Вачкажец тау жотасындағы қону алаңынан Камчаткадағы Николаевка ауылына ұшып келе жатқан МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырады. Жолаушылар мен экипаж мүшелері қаза тапқаны айтылды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

"РИА Новости" ақпаратынша, әуе кемесімен байланыс үзілген. Алдын ала мәліметке сәйкес, бортта 19 жолаушы мен үш экипаж мүшесі болған. 

Өңірлік төтенше жағдай министрі Сергей Лебедевтің хабарлауынша, тікұшақтың сынықтары табылған. Олар 900 метр биікте, борт соңғы рет байланысқа шыққан маңда табылған.

Жедел қызметтер бортта болған адамдардың бәрі қаза тапқанын хабарлады.

"Ауа райының нашарлауына байланысты тікұшақ шоқыға соғылған. Алдын ала ақпарат бойынша, олардың бәрі қаза тапқан", - деп хабарлаған басылым тілшілеріне.

Сонымен бірге Ресей ТЖМ құтқарушылар төтенше жағдай орнына жеткізілгенін, 17 адамның денесі табылғанын хабарлады. 

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...