«Қозғалып, сөйлей алмайды»: Танымал эстрада жұлдызы ауруханаға түсті

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1915
Белгілі әнші Жолдасбек Әбдіханов ауыр жарақатпен ауруханаға түсті, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ. 

Бұл туралы өнер иесінің көмекшісі Әділет мәлім етті.

Бір апта бұрын Жолдасбек Әбдіханов  отбасы үшін күтпеген ауыр жағдай болды. Көпқабатты үйдің лифті кенеттен техникалық ақауға байланысты тоқтап, қатты сілкініс болған. Бірсәттік соққыдан мойын және омыртқа аймағына зақым келіп, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Қазір толық тыныштықта, арнайы аппаратпен емделіп жатыр. Дәрігерлер 4-6 айға дейін белсенді жұмысқа, сахнаға рұқсат бермеді. Соған байланысты барлық шығармашылық жұмыстары уақытша тоқтатылды. Біз оның тез сауығып, халық алдына қайта шығатынына сенеміз. Сіздердің дұғаларыңыз ауадай қажет. Жоспарланған, уәделескен жұмыстары тоқтап қалғаны үшін — баршаңыздан кешірім сұраймыз - делінген жазбада.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...