Мәулен Әшімбаев. Жәрдемақы, баспанаға қатысты халықтың сөзі орынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
4462

Расымен, бес бірдей бүлдіршіннің қапыда қаза болуы тұтас халықтың қабырғасын қайыстырып жіберді. Өкініштен өзегіміз өртенеді. Бірақ амал жоқ. Енді осындай қасіреттің қайталанбауы үшін әрекет етуіміз керек.

Бұл жайт қоғамдағы кейбір өзекті мәселелердің кезек күттірмей шешуді қажет ететінін көрсетіп берді. Шын мәнінде, көп балалы отбасыларға жүйелі қолдау көрсету, жұмыс істейтін аналарға лайықты жағдай жасау және балалар құқығын қорғау мәселесінде әлі де болса жетілдіретін тұстардың бар екені сөзсіз. Сондықтан да халықтың жәрдемақы, баспана мәселесіне қатысты айтып, жазып жатқан сөздері орынды.

Осыған орай «Нұр Отан» партиясы бұл бағыттарда нақты ұсыныстар дайындауда. Алдағы уақытта сол бойынша Үкіметпен бірлесіп жұмыс істеп, жағдайдың жақсаруына өзіміздің үлесімізді қосамыз деп сенемін.

Сонымен бірге партия жанынан Балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңес құру туралы шешім қабылданғанын жеткізгім келеді. Осы бағытта да бүкіл қоғам болып жұмылып, өскелең ұрпақтың жарқын болашағы жолында бірлесіп жұмыс істейік.

Мәулен Әшімбаев, 

"Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары

author

Әшімбаев Мәулен

ҚАЙРАТКЕР

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...