Атыраудың экс-әкіміне қастандық жасалды

Фото: ztb

ЖАҢАЛЫҚТАР
715

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев халықаралық тыңшылық дауының ортасына түсті. Бұл оқиға Ұлыбритания соты Ресейдің пайдасына тыңшылық жасағаны үшін Болгарияның алты азаматын соттағаннан кейін белгілі болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ ztb тілшісіне сілтеме жасап. 

Олардың тапсырмаларының бірі – Қазақстаннан қашып кеткеннен кейін Лондонда тұрып жатқан Рысқалиевті көзін жою болған. Тергеу мәліметінше, ресейлік агенттер оның ізіне түсіп, қастандық ұйымдастыруды жоспарлаған. Бұл әрекет арқылы олар Қазақстан билігіне «қызмет көрсетіп»,  Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты жақсартуды көздеген. 

Бергей Рысқалиев 2006–2012 жылдар аралығында Атырау облысының әкімі қызметін атқарған. Мемлекеттік қаражатты жымқыру және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану бойынша айыптар тағылып, халықаралық іздеу жарияланды. Ол 71 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырған. 2019 жылы Қазақстан соты Бергей Рысқалиевті сырттай 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал журналист Руслан Өтепбай Алматыда иттер талаған Максим есімді баланың жағдайы туралы айтты,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Biz Birgemiz Qazaqstan қорының басшысы Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның ісі Астана қ...