Жаңа жылдан бастап денсаулыққа қауіпсіз алкоголь сатылады

фото: netnarkotik.com.ua

ЖАҢАЛЫҚТАР
2071

2025 жылдың қаңтар айынан бастап Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 31 қазандағы №761 бұйрығымен бекітілген «Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы» жаңа техникалық регламент күшіне енеді, деп хабарлайды madeniportal.kz Egemen.kz. сайтына сілтеме жасап.

Алкоголь саласы ел экономикасында маңызды рөлге ие, әйтсе де ең басты орында – тұтынушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі.

«Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы» жаңа техникалық регламент тұтынушылар үшін қауіпсіздік шараларын күшейтуге, алкогольдік ішімдіктердің сапасын арттыруға және алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымының ашық стандарттарын енгізу мақсатында қабылданған.

Техникалық регламент жалпы ережелерді, қауіпсіздік талаптарын, таңбалау стандарттарын, өндіріс, сақтау және тасымалдау шарттарын, сондай-ақ сәйкестікті растау рәсімдерін қамтитын бірнеше бөлімнен тұрады.

Әрбір норма тұтынушылардың денсаулығын қорғау және ережелерді сақтау үшін алкоголь өнімдерін реттеудің негізгі аспектілерін қамтиды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі саясаткер әрі қоғам қайраткері Бахыт Түменова өмірден өтті. Бұл туралы мәж...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазір әлеуметтік желілерде продюсер Баян Алагөзова мен жұбайы Тұрсын Алагөзовтың қазақ киносының аңы...