Атыраулық қыз “русалка” үшін Ақтауға барған

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1825

Русалканы құшақтау үшін Ақтауға барған бойжеткеннің әрекеті көпшілікті таңқалдырды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Әлеуметтік желіде Атыраулық бойжеткеннің Ақтау қаласында, теңіз жағасындағы “русалканың мүсінін” құшақтап тұрған видеосы тарап кетті. Аңызға сенген бойжеткен осы жылдан қалмай тұрмысқа шығу үшін Ақтауға арнайы келіп, мүсінді құшақтап тұрғанын айтқан. 

“Мен бір видео көрдім. Осы Ақтаудағы русалканы құшақтаса, биылдан қалмай байға тиеді дейді. Сол үшін арнайылап Атыраудан Ақтауға келдім”, - деп әрекетін түсіндіре кеткен. 

Атыраулық ару өз ісіне риза болып, құшақтап қана қоймай, “жұғысты болсын” деп тағы бір әрекет жасайды. Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі қызға бақыт тілеп, сенімі ақталуын тілесе, бірі бұл әрекетке таң қалып, дұрыс еместігін жазуда. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...