Мамырдың кешінде Алматыда тұратын 15 жасар жасөспірімді пышақтаған еркек әкімшілік жаза алып құтылып...
АҚШ-та әйел адам күйзелістен өз баласын зорлап, полицейлерге өзі барып берілген
Фото: Азаттық радиосы
АҚШ-тың Луизиана штатының тұрғыны құзырлы органдарға қиындықпен ажырасқандықтан кішкентай ұлдарын зорлағанын айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz liter.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Сент-Ландри аймағының шерифі Бобби Гидроздың айтуынша, 31 жастағы Кирстен Уайт жексенбі күні полиция бөлімшесіне келіп, төрт жасқа толмаған балаларына физикалық және жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткені үшін кінәсін мойындағысы келетінін айтқан.
Уайт детективтерге ажырасудан туындаған көптеген күйзелістер мен көңілсіздіктерге тап болғанын мойындады.
Әйелге бірінші дәрежелі зорлау, сексуалдық әрекет жасау, кәмелетке толмаған балаға қатысты екі рет әдепсіздік және кәмелетке толмағанға қатыгездік көрсеткен екі бап бойынша айып тағылып отыр.
«Біз христиандар ретінде «күнәһарды емес, күнәні жек көруіміз» керек болса да, құқық қорғау органдарының заңды сақтау қасиетті міндеті. Біз Уайттың өзі келіп берілгеніне, детективтермен толыққанды жұмыс істегеніне ризамыз», - деді шериф журналистерге.
Шенеуніктердің айтуынша, әйелдің кепілі әлі белгіленген жоқ. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін, бірақ оның өз еркімен мойындауы және өкінуін ескере отырып, мерзімін қысқартуға болады.