Ким Чен Ын Қытайға барған кезінде өзінің жеке дәретханасын апарған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ....
Аустралияда алып акула ер адамды отбасының көз алдында талап өлтірді
ашық дереккөз
Су астында аң аулау кезінде Батыс Аустралия жағалауында акула 35 жастағы ер адамға шабуыл жасаған, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Туыстары мен дәрігерлер зардап шегушіні құтқаруға тырысқанымен, алған жарақаттары өміріне қауіпті болып, ер адам көз жұмды.
Оқиға Олбани қаласына жақын орналасқан Майклмас аралы маңында болған. Полицияның мәліметінше, ер адам отбасы мүшелерімен бірге суда жүрген кезде ұзындығы шамамен 4,5 метр болатын акула оған шабуыл жасаған.
Жыртқыш оның екі аяғынан тістеп, ауыр жарақат салған. Туыстары зардап шегушіні дереу қайыққа шығарып, жағаға жеткізген. Ол жерде оны медицина қызметкерлері күтіп тұрған. Алайда ер адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Бұл қайғылы оқиға көпшіліктің назарын аударды, өйткені аталған өңірде мұндай шабуылдар өте сирек кездеседі. Оқиғадан кейін жергілікті билік тұрғындарды қауіпсіздік шараларын күшейтуге және барлық мән-жай анықталғанға дейін жабық жағажайларға бармауға шақырды.
Жергілікті тұрғын Грант Кавана ABC телеарнасына берген сұхбатында мұндай жағдайлар бұл аймақта бұрын-соңды дерлік тіркелмегенін айтты.