Өмір бойы темекі шеккен: Атақты актер әрі режиссер көз жұмды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2131

Америкалық кинорежиссер Дэвид Линч 78 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Былтырдан бері Линч ауырып жүргенін айтқан. Линчтің өлімі туралы оның туыстары хабар таратты.

"Біз, оның отбасы, адам және суретші Дэвид Линчтің қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз. Қазір ол арамызда жоқ. Сол себепті айналамыз үңірейіп қалғандай күйдеміз. Бүгін керемет күн. Аспанда жарқырап күн шығып тұр, ал аспан көкпеңбек", - дейді туыстары.

Мәліметтерге сүйенсек, 2024 жылы Линч өмір бойы темекі шеккеннің салдарынан эмфизема ауруына шалдыққан екен. Ол былтыр бұдан былай үйден шыға алмайтынын және режиссерлікпен айналыспайтынын хабарлаған.

Дэвид Линч - америкалық кинорежиссер, сценарийші, актер және суретші. 2019 жылғы Америка киноакадемиясының құрметті сыйлығының, сондай-ақ Канн кинофестивалінің "Алтын пальма бұтағы" және Венеция кинофестивалінің "Құрметті "Алтын арыстанының" иегері. Үздік режиссура үшін үш рет "Оскар" номинациясына ұсынылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...