Ауылда жұмыс істегісі келетін мамандарға 7,5 млн теңге беріледі

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
3068

Ауылда жұмыс істегісі келетін мамандарға 7,5 млн теңге берілетіні мәлім болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов “Дипломмен ауылға” жобасы аясында ауылда тұруға және жұмыс iстеуге келген мамандарға республикалық бюджеттен үй сатып алуға ақша берілетінін мәлімдеді.

Сонымен қатар ауыл тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында ауылдық елді мекендерде өз жұмысшыларына үй салып берген жұмыс берушілерге субсидия (аумағы 100 шаршы метрден аспайтын үй құнының 50% мөлшерінде) төленеді.

"Бұдан басқа қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдап жатқан өңірлерде үй сатып алу үшін экономикалық мобильділік сертификаты (үй құнының 50%, бірақ 4 млн теңгеден аспайтын мөлшерде) беріледі. “Дипломмен ауылға” жобасы аясында ауылда тұруға және жұмыс iстеуге келген мамандарға (денсаулық сақтау, бiлiм, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы және т.б.) республикалық бюджет есебінен тұрғын үй сатып алуға 2500 АЕК-ге дейін (аудан орталықтары үшін) және 2000 АЕК-ке дейін (ауылдық елді мекендер үшін) жылдық 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен 15 жылға дейін бюджеттік кредит беріледі”, - деді Бектенов.

СПОРТ

Бүгін Астана Аренада ел классикосы өтті. Елордалық “Астана” мен алматылық “Қайрат&...

ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ-тың Мичиган штатында бір отбасының сегіз мүшесі қаза тапқан қайғылы оқиға болды. Полицияның мәлі...