Президент 10 қаңтарды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады

ЖАҢАЛЫҚТАР
3507

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған қайғылы оқиғалардың салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты биылғы 10 қаңтарды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялау жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды.

Тиісті Жарлық Ақорда сайтында жарияланды. 

*** 

Террористік актілердің салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту жариялау туралы 2022 жылғы 08 қаңтар Қазақстан Республикасында жасалған террористік актілердің салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2022 жылғы 10 қаңтарда жалпыұлттық аза тұту жариялансын. 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 8 қаңтар № 229


author

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

ҚАЙРАТКЕР

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...