Астанада ересек жігіттер қоғамдық дәретхананың әйнегін күңгірттемей отырып, видео түсірген

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
617

Әлеуметтік желіде дәретханада түсірілген видеоны жариялаған екі ер адамға қатысты іс қоғамда үлкен резонанс тудырды. Олардың әрекеті Астана сотында ұсақ бұзақылық ретінде қаралған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Сот мәліметінше, Ш және Н есімді азаматтар қоғамдық дәретханадағы құпиялылықты қамтамасыз ететін әйнектің автоматты күңгірттену функциясын әдейі пайдаланбай, дәретханада отырғандарын айналадағы адамдарға көрсетіп, видеоға түсірген.

“Сонымен қатар қоғамдық орында балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған және қоғамда кең резонанс тудырған. Құқық бұзушылық алғаш рет жасалған, азаматтар өз кінәларын толық мойындаған”, – делінген сот хабарламасында.

Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушылық күдіктілердің түсініктемелерімен, оқиға орнында түсірілген бейнежазбамен, инспектордың рапортымен және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен расталған.

“Аталған әрекеттер интернет желісінде кеңінен таралып, қоғамдық резонанс тудырған және қоғамдық инфрақұрылым нысаны туралы теріс қоғамдық пікір қалыптастырған. Соттың пікірінше, бұл оның жұмысын қамтамасыз ететін жергілікті атқарушы органдардың беделіне нұқсан келтіреді”, – делінген хабарламада.

Астана сотының қаулысымен күдіктілер кінәлі деп танылып, әрқайсысына 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға түріндегі жаза тағайындалды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал блогер Арайлым Жиенбаева Шымкент қаласы бокс федерациясының медиа директоры қызметіне тағайы...

Шоу-бизнес

Танымал актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріне қатысты жазба жариялап...