Әужайдағы оқиғаға қатысты үш қылмыстық іс қозғалды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1475

Алматы әуежайында болған оқиғаға қатысты үш қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Естеріңізге сала кетейік, қолына пышақ ұстаған ер адам Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алып, сөмкесінде «жарылғыш зат» бар деп адамдарды қорқытқан. Бұл дерек бойынша үш қылмыстық іс қозғалды. Атап айтқанда:

Кепілге алу (ҚР ҚК-нің 261-бабы 2-бөлігі 4-тармағы) - мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы.

Қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық (ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі) - 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау (ҚР ҚК-нің 273-бабы) - 5 000 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы. 

Қазір оқиғаның мән-жайын тексеру мақсатында жедел-тергеу тобы құрылып, жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер жоқ.

Сонымен қатар Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың тапсырмасымен Қазақстанның барлық әуежайлары мен вокзалдарындағы қауіпсіздік жүйесі тексеріліп жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...