Шарлапаев «Атамекен» ҰКП-ның төрағасы болып сайланды

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
722

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының съезінде президиумның жаңа төрағасы сайланды. Бұл қызметке Қанат Шарлапаев келді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ол 2025 жылдың қыркүйек айында президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметінен кеткен болатын. 2022 жылдан бері «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы қызметін Раимбек Баталов атқарып келді.

Қанат Шарлапаев әр жылдары «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметтерін атқарған. 2025 жылғы 28 ақпан мен 25 қыркүйек аралығында президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...