Түркістан облысында нөсерден бірнеше ауылды сел басты (ВИДЕО)

ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
333

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында нөсер жаңбыр жауып, бірнеше ауылда сел жүрді. Соның ішінде Қосағаш ауылындағы көшелерді су басып, арықтардан су тасыған, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Әлеуметтік желілерде табиғи құбылыстың салдарын көрсететін видеолар тарады. Кадрлардан ауыл көшелеріндегі су деңгейінің көтерілгенін және тұрғындар мен арнайы техниканың су ағынының бағытын өзгертуге әрекет жасап жатқанын көруге болады.

Қазығұрт ауданы әкімдігінің мәліметінше, 1 қазанда жауған нөсер жаңбыр салдарынан ауданның бірнеше елді мекенінде сел жүрген.

«Қазір селден зардап шеккен аумақтарда жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тиісті жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл жұмысқа 9 техника мен 64 адам тартылды», – деп хабарлады әкімдік.

Сел салдарынан кей тұрғындардың үй аулаларын су басқан. Қазіргі уақытта зардап шеккен халыққа көмек көрсетіліп жатыр.

СПОРТ

Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін Молдоваға қарсы кездесу өткізіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды, деп хаб...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда тоғыз жастағы балаға сексуалдық сипаттағы әрекет жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп...