Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жолдады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz...
Ахмет Байтұрсынұлының жиені Айман Байсалова қайтыс болды
ашық дереккөз
Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының жиені Айман Байсалова 91 жасында қайтыс болды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Бұл туралы әлеуметтік желіде белсенді Елдос Тоқтарбай жариялады.
"Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының ұрпағы Айман апа Байтұрсынова- Байсалованың уақыты жетіпті. Рухына әл-Фатиха. Жүзінен нұр төгіліп тұратын жан еді. Аяулы еді. Асылдың сынығы еді", - деп жазды жазушы Елдос Тоқтарбай.
Марқұмның жаназасы бүгін, 11 маусымда Алматыдағы Дінмұхаммед Қонаев атындағы мешітте шығарылады.
Айман Қабиденқызы 1936 жылдың 14 наурызында туған. Ол – Ахмет Байтұрсынұлы мен Бадрисафа бауырына салған Шолпанның қызы. Қазіргі Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінде 1 жыл 7 айына дейін нағашысы атасы Ахмет пен әжесі Бадрисафа, өзінің әке-шешесімен бірге тұрған.
Арнайы кәсіптік училищені тігінші мамандығы бойынша бітірген. Медицина саласында зертханалық курстан өтіп, 37 жыл бойы зертханашы болып жұмыс істеген. 1993 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққан.
Атасы Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларын насихаттауға арналған республикалық, облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі іс-шараларға құрметті қонақ ретінде қатысып келген.
«Еңбек ардагері» (1990) және «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы» (2015) мерекелік медальдарымен марапатталған.