Алматыда бір топ адам намаз оқу үшін көшені жауып тастаған

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1754

Алматыда бір топ адам намаз оқу үшін көшені жауып тастаған соң, полиция олардың үстінен тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды madeniportal.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталық мешіт маңындағы жағдай бойынша Алматы қаласының полициясы тексеру жүргізіп жатыр. Тиісті шаралар қабылданады, - делінген хабарламада.

Басқарма жолды кез келген себеппен жабу жол қозғалысы ережелерін бұзу болатынын және ӘҚБтК 614-бабының талаптарына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын түсіндірді.

Мұндай фактілерге жол беруге болмайды. Мұндай жағдайлардың алдын алу керек, - деп мәлімдеді қалалық полиция департаменті.

Айта кетсек, бұл жағдай бір күн бұрын Медеу ауданында болған. Жол қозғалысы қауіпсіздігін үйлестіру жұмыстары бойынша азаматтардың шағымдарына қатысты оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері заңды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, адамдарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда қаласындағы №375 референдум учаскесінде көпшіліктің назарын аударған ерекше әрі тағылымды...

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...