Ақтау тұрғындары әлі де болса жылу мен ыстық суға жарымай отыр. Олардың айтуынша, кейбір аудандарда...
Ахметбек Нұрсила Елдос Сметовтың жеңісіне қуанғандарды сынға алды
Белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсила Елдос Сметовтің жеңісіне қуанған қазаққа шүйлікті, деп хабаарлайды madeniportal.kz.
Ол Абай атамыздың сөзін мысалға келтіріп, желіде жазба жариялады.
«Надан ел қуанбас нәрсеге қуанады
Қазір "Өтірік көлгірсімеші ей, хайп үшін жазып отырсың" деген комменттерден көз аша алмайтынымды білемін. Олимпиада деген нәрсе болайын деп жатқанан осы ФБ да "Рыбакина олимиядаға бармады, қазақтың туын менсінбеді" деген мақаладан содан кейін "Олимпиада ашылуы нашар болды" деген тағы бір мақаладан көзім шалып қалып " Халықтың ақшасын шашу фестифалі басталайын деп жатыр екен ғой" деп қойғам Бүгін достардың чатынан "Ельдос чемпион" деген (дәл осылай жұмсақ белгімен жазылған) жазбаны оқып қалдым. Бірден Абай жарықтықтың балуан мен бәйге жайлы сөзі есіме түсті.
"Біздің қазақтың қосқан аты алдында келсе,күреске түсірген балуаны жықса, салған құсы алса, қосқан иті өзгеден озып барып ұстаса, есі шығып бір қуанады.
Білмеймін, содан артық қуанышы бар ма екен? Әй, жоқ та шығар! Осы қуаныш бәрі де қазақ қарындастың ортасында бір хайуанның өнерінің артылғанына я бір бөтен адамның жыққанына мақтанарлық не орны бар?
Жүйрік ат - кейде ол елде, кейде бұл елде болатұғын нәрсе, қыран құс та, жүйрік ит те - кейде оның қолына, кейде мұның қолына түсетұғын нәрсе.
Күшті жігіт те үнемі бір елден шыға ма? Кейде ана елден, кейде мына елден шығады. Мұның бәрін адам өз өнеріменен жасаған жоқ. Бір озған, бір жыққан үнемі озып, үнемі жығып жүрмейді.
Соның бәрін де біле тұра, жерге кіргендей болып я бір арамдығы, жамандығы шыққандай несіне ұялып, қорланады екен?
Енді осылардан білсеңіз болады: надан ел қуанбас нәрсеге қуанады һәм және қуанғанда не айтып, не қойғанын, не қылғанын өзі білмей, есі шығып, бір түрлі мастыққа кез болып кетеді. Һәм ұялғандары ұялмас нәрседен ұялады, ұяларлық нәрседен ұялмайды.
Мұның бәрі - надандық, ақымақтықтың әсері.
Бұларын айтсаң, кейбіреуі «рас, рас» деп ұйыған болады. Оған нанба, ертең ол да әлгілердің бірі болып кетеді, - деп жазды ол.