“Сантехникке жоламағанда тірі болар еді”: Мақпал Жүнісова марқұм Мәдина Ералиеваны туралы

Ашық дереккөзден

Жаңалықтар
386

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм Мәдина Ералиеваны есіне алып, оның видеосын жүктеді. Бұл туралы Stan.kz жазды.
Кезінде "қазақтың Ақбаяны" атанған күміс көмей әнші, ерекше дауыс иесі Мәдина Ералиева көлік апатынан көз жұмған еді. 

“Бүгін марқұм Мадина Ералиева әпкеміз арамызда болғанда 70 жасын тойлар еді. Құран бағыштап қояайық. Артында қалған ұлының отбасы өркендей берсін, топырағы торқа болсын!”, – деп жазды халық әртісі. 

Желі қолданушылары марқұм әншіні есіне алып, қызық естеліктерін бөлісіп жатыр.  “Келу-кету өмірдің – қағидасы, Бақи соңы жалғанның, фәни басы” деген осы екен”, “Ата-анам Мәдина қайтқанда жылаған еді”, “Интернет жоқ кез. Теледидардан көретін едім”, “70 жас та әнші үшін тым ерте емес пе. Сол сантехникке жоламағанда тірі жүрер ме еді?!”, “Қайталанбайтын дауыс иесі”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

 

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...