Бағалы заттарды ұтысқа салған блогер Жанабыловтар туралы тың ақпарат шықты

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1134

Instagram желісінде бағалы заттарды ұтысқа салған аккаунт иесіне әкімшілік іс қозғалуы мүмкін, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Instagram әлеуметтік желісіндегі «Zhanabylov_e» және «elt6i» аккаунттарында бағалы сыйлықтарды ұтысқа салған аккаунт иесіне Туризм және спорт министрлігі жанындағы Ойын бизнесі және лотереяны реттеу комитеті  хабарлама жіберді.

Хабарламада лотерея ойнатқан азаматтан түсініктеме беруі сұралған. Оның нәтижесі бойынша әкімшілік іс қозғау мәселесі қаралатын болады.

Айта кету керек, жоғарыда көрсетілген блогерлер ұйымдастырған лотерея ойынының лотерея қызметі туралы заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру жөнінде С. есімді азаматтан өтініш түскен.

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...