Әскерден мүгедек болып келген Ербаян Мұхтар көз жұмды

Коллаж: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
532

Ұлттық ұлан қатарында борышын өтеп жүріп ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтар көз жұмды. Қаралы хабар тікелей эфир кезінде белгілі болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұған дейін сарбаздың жағдайы күрт нашарлап, шұғыл медицина орталығына түскені хабарланған болатын. Түркиядағы ұзақ емнен кейін беті бері қарағанымен, кейін денсаулығы қайта сыр берген.

Еске салсақ, Ербаян 2023 жылдың соңында әскери бөлімде ауыр бас ми жарақатын алып, комаға түскен. Әскерилер оны әжетханада құлап кетті деп мәлімдегенімен, туыстары бұған сенбеді. Алматыдағы ауруханада есін жиған сарбаз өзін соққыға жыққанын ыммен түсіндірген еді, алайда кезекті отадан соң ол қайтадан комаға түсті.

Қазақстандықтар оның шетелдегі еміне 220 миллион теңгеден астам қаражат жинап беріп, сарбаз 2024 жылдың күзінде Түркияға оңалтуға барған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қырғызстанның Ош қаласында төрт баланың анасы Зарнигор Закированың оқиғасы қоғамда үлкен резонанс ту...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үйдегі кезекті жинау жұмысы қайғылы жағдаймен аяқтала жаздады: Алматыда салмағы 400 келіге жуық жы...