12 жаста туысынан бала босанды: Павлодар облысында кәмелетке толмаған жігітке сот үкім шығарды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
385

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 12 жастағы туысын зорлаған 17 жастағы жігітке үкім шығарды, деп хабарлады madeniportal.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Колледж студентіне 12 жастағы қызды зорлады деген айып тағылды. Сот отырысы жабық режимде өтті. 

“М. 120-баптың 4-бөлігі (Кәмелетке толмағанды зорлау) және 121-бабының 4-бөлігімен (Кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылсын”, – делінген үкімде.

Сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Сот студенттің кәмелетке толмағанын және оның екінші топтағы мүгедек екенін ескеріп, мұны жеңілдететін мән-жай ретінде таныды.

Үкім жарияланғаннан кейін Павлодар облысының балалар құқықтары жөніндегі облыстық омбудсмені Сәуле Шәкенева сотталушының кәмелетке толмаған туыс қызды зорлағанын еске салды. 

“Бұл адам үйге келіп, кіріп жүрген. Өкінішке қарай, сексуалдық сипаттағы қылмыстарды көбіне жақын туыстар немесе үйге келіп-кетіп жүрген адамдар жасайды. Бұл даулы іс аталмыш статистиканы растайды. Сотталушы жәбірленушінің отбасына жақын туыс болып келеді. Біз сот үкімін бір жыл дерлік күттік, үкімді бүгін жариялады. Дегенмен апелляцияға беру уақыты бар, үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Мен бұл сот шешімін әділетті деп санаймын”, – дейді омбудсмен.

Ол екі отбасының да бірнеше жыл бұрын Павлодар облысына Моңғолиядан көшіп келгенін айтты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ президенті Дональд Трамп келесі сайлауда Демократиялық партиядан үміткер жеңіске жеткен жағдайда...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде білім бөлімінің бас маманы 4,9 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды MADE...