Бал ашуға тыйым салынады: Мыңдаған көріпкел мен емшілер құрықталды

Фото: freepik.com

Жаңалықтар
159

Тәжікстанда мыңдаған көріпкел мен емші ұсталды, деп хабарлайды madeniportal.kz Азаттыққа сілтеме жасап.

Тәжікстан үкіметі бақсы-балгерге қарсы науқан бастады. ІІМ дерегі бойынша, 1–24 тамыз аралығында ғана 150-ден аса балгер ұсталған. Осы тексерістен кейін өз ісін жасырып істейтін балгерлер көбейген.

Полиция мен мемлекеттік БАҚ ауық-ауық рейд кезінде ұсталған емшілер мен соқыр сенімнің жетегінде жүргендердің аты-жөні мен суретін жариялайды. Полиция балгерлер мен көріпкелдерді, емшілер мен клиенттерін және олардың әрекетін бақылап отыру үшін тіркей бастады. Бұл бұрын-соңды болмаған жағдай.

Тәжікстанда бал ашуға заң жүзінде 2008 жылы-ақ тыйым салынған, ал биылғы маусымнан бастап олардың жазасы күшейе түсті.

Құқық бұзушыларға бірінші рет айыппұл салынуы мүмкін немесе 15 тәулікке дейін қамауға алады. Құқық бұзушылық қайталанған жағдайда көріпкел қылмыстық жазаға тартылады, ірі мөлшерде айыппұл төлейді, 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Әлем

JetBlue әуе компаниясының Airbus A320-232 ұшағы 6 қаңтарда Нью-Йорктегі Джон Кеннеди әуежайынан ұшып...

Айна

Бұл сұрақ барлық адамды ойландыратыны анық. Өйткені бір жылдан бері күнде таңертең өзгелерден екі-үш...