«Қаза тапқандар саны көп»: Сиднейде Ханука мейрамын тойлау кезінде атыс болды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1246

Австралияның Сидней қаласында белгісіз екі адам Бонди-бич жағажайындағы адамдарға оқ атты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Зардап шеккендер мен қаза болғандар бар. Ақпарат құралдарының жазуынша, жағажайда осы кезде еврейлердің Ханука мерекесі тойланып жатқан. Оған жергілікті еврейлер қауымдастығының өкілдері қатысқан.

Полицияның мәліметінше, "көп адам" қаза болған. Жаңа оңтүстік Уэльс штатының полициясына сүйенген BBC-дің жазуынша, кемінде 9 адам қаза болған, кемінде 12 адам жарақаттанған. Шабуылдаушының бірі мерт болған. Екінші шабуылдаушының да ұсталғаны хабарланды.

Куәгерлердің айтуынша, қара киген екі адам жағажайдың тұрағында тұрып алып, адамдарды көздеп тұрып атқан. Атыс шамамен 10 минутқа созылған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...