Bek Air әуе компаниясы 2019 жылы 27 желтоқсанда Алматы әуежайы маңында жолаушы ұшағы апатқа ұшыраған...
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі арасында меморандумға қол қойылды
ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновпен қаладағы мәдениет пен спорт саласын бірге қолдау мақсатында екі жақты кездесу өткізді.
Кездесу барысында «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығын дамытуға арналған Меморандумға қол қойылды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне бағынысты бұл музей-қорық 2018 жылы 31 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 150 қаулысына сәйкес құрылған болатын.
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілік-басқару орталығы ғана емес, туристер үшін де тарихи-мәдени құндылықтарға толы аймақ болуы керек», - деп атап өтті Ақтоты Райымқұлова.
«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығын инфрақұрылымдық тұрғыдан дамыту қажеттігін ескеріп, қала басшысымен төмендегідей келісімдер жасалды.
Атап айтқанда, 2020 жылы «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы аумағында орналасатын нысандар, оның ішінде сапар орталығы мен археологиялық парктің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жоспары жасалатын болады.
Нысанға инженерлік желілерін тарту, Үркер шағын ауданынан Бозоқ қорығына дейін баратын жолды жөндеу қолға алынады.
Тағы бір айта кетерлік жаңалық- Орталық Азияда баламасы жоқ, туризм саласына мамандар даярлайтын жоғарғы оқу орны алдағы уақытта пайдалануға беріледі.
Осы күнге дейін Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық меншігіндегі Туризм колледжі республикалық мәртебеге ие болып, Туризм және меймандостық университетімен бірігіп, мамандар даярлайды. Жастар жылы аясындағы министрдің ұсынысын қала әкімі Алтай Көлгінов те қуана қолдады.
mks.gov.kz