Алматыда пойызда уланғандардың жағдайы айтылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
692

Алматыда пойызда уланған балаларға толық медициналық көмек көрсетілуде, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова хабарлады.

«Бүгін Алматыда пойызда табиғи газдан улану оқиғасы тіркелді. Оқиға орнына жедел медициналық жәрдемнің 13 бригадасы жіберілді.

Барлығы 53 адам, оның ішінде балалар зардап шекті. Тексеру нәтижесінде 11 бала емдеуге жатқызылды. Екеуі реанимация бөлімшесінде, қалғандары мамандандырылған бөлімшелерде мамандардың бақылауында. Қалған зардап шеккендер қарап-тексеруден және көмек көрсетуден кейін тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық емделуге жіберілді.

Емдеуге жатқызылған барлық пациенттерге толық көлемде медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Олардың жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

Барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін», - делінген мәлімдемесінде.

Айта кетейік, бүгін Алматы-2 теміржол вокзалына келген пойызда 53 адам иіс тиіп, уланған. Оқиғаға қатысты Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 156-бабы бойынша іс қозғады.

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...