Ақтөбеде 5 жастағы ерекше баланы баспалдақтан итеріп жіберген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Оқиғ...
Балабақшадағы сұмдық жағдай: Қордайда екі жасар бала бассейнге батып көз жұмды
коллаж: MadeniPortal.kz
Жамбыл облысы Қордай ауданына қарасты Қалғұты ауылында қайғылы оқиға болды. Балабақша ауласындағы үрлемелі бассейнге екі жас екі айлық бүлдіршін батып, көз жұмған, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Бұл туралы қоғам белсендісі Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Марқұм баланың анасының айтуынша, оқиға кезінде балабақша қызметкерлері бүлдіршінге тиісті деңгейде бақылау жасамаған. Оның сөзінше, соның салдарынан бала бассейнге түсіп кетіп, суға тұншығып қалған.
"Эксперттердің айтуынша, баланың денесі толық суға толып қалған. Негізінде толық суға толу үшін екі сағат уақыт керек екен. Бала соншалықты суда көп тұрып қалған", - деді баланың туыстарының бірі.
Қайғылы жағдайдан кейін баланың отбасы оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті түрде анықтауды талап етіп отыр.
Ата-ананың негізгі талабы – баланың өліміне кімнің жауапты екенін анықтап, қызметтік міндетіне салғырт қараған және балалардың қауіпсіздігіне жауапты тұлғаларды заң аясында жауапкершілікке тарту.
Оқиғаның нақты мән-жайы мен оған кімдердің жауапты екені жүргізілетін тексеру нәтижесінде анықталуы тиіс.