16 миллион қазақстандықтың жеке деректері коллекторлардан табылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
757

Талдықорғанда коллекторлық агенттік қызметкерлері азаматтардың дербес деректерін қамтитын мамандандырылған ақпараттық жүйені заңсыз пайдаланған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Аталған деректер базасы арқылы азаматтардың тегі, аты-жөні, ЖСН-і және ұялы телефон нөмірі бойынша ақпарат іздеуге мүмкіндік болған.

Деректер базасын ұйымдастыруға және пайдалануға қатысы бар үш адам ұсталды.

Сонымен қатар, тексеру шараларын жүргізу үшін бірнеше адам полиция органдарына жеткізілді.

Аталған факті бойынша ақпаратты заңсыз иемдену дерегімен қылмыстық іс қозғалды.

Әлем

Пәкістанның Сарг ауылында газ баллоны жарылып, бір отбасының үш мүшесі көз жұмды. Қайғылы оқиға салд...

Шоу-бизнес

Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшіліктің назарын аудард...