Тележүргізуші, журналист Әйкерім Есенәлі аттан құлап, ауыр жарақат алғанын айтты, деп хабарлады MADE...
Алғаш рет қазақстандық ару "Миссис Еуропа" байқауында жеңіске жетті
Фото: miss.marcipana парақшасынан
135
Алғаш рет қазақстандық ару "Миссис Еуропа" байқауында жеңіске жетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
"Mrs Europe-2026" халықаралық байқауына Қазақстанның атынан қатысқан алматылық Светлана Петрова сайыстың бас жүлдесін жеңіп алды.
Петрова өзінің жеңісі туралы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
"Бүгін біз тарихтың жаңа бетін жаздық. Қазақстан алғаш рет Mrs Europe титулын жеңіп алды. Бұл тәжді еліме алғаш болып әкелу мен үшін үлкен мәртебе. Бұл жеңіс – Қазақстан үшін", – деп жазды Светлана Петрова.
Байқау Эстония астанасы Таллинде өтіп, 20 қыркүйекте аяқталды. Жеңімпаздың тәжі үшін Еуропамен ғана шектелмей, 15 елден келген қатысушылар бақ сынады.
Эстонияның Gloss басылымының хабарлауынша, Петроваға Mrs. Europe Friendship 2026 арнайы атағы да табысталған.
Айта кетейік, Қазақстан үшін бұл – Mrs. Europe байқауындағы алғашқы жеңіс.