Балаларының көзінше әйелін өлтіріп, терезеден секірген ер адам есін жиды

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1853

Астанада ер адам балаларының көзінше әйелін пышақтап өлтіріп, кейін жиырма бесінші қабаттан секіріп өзіне қол салмақ болған ер адам ауруханада есін жиды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Orda.kz-ке сілтеме жасап. 

19 маусым күні Астанадағы «Орбита» тұрғын үй кешенінде ер адам әйелін 7 және 10 жастағы ұлдарының көз алдында пышақтап өлтірді. Кейін күдікті 25-қабаттан секіріп, автотұрақта тұрған көліктің үстіне құлаған еді. 

Buzyq мәліметінше, дәрігерлер 36 жастағы науқас есін жиды. Ер адамды полиция қызметкерлері бақылап отыр. 

Қылмыстық оқиғаға қатысты «адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...