Темекінің кесірінен бір балкон толық өртеніп кетті

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1106

Астанадағы «Ново Сити» тұрғын үй кешенінде күндіз төтенше жағдай тіркелді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Куәгерлердің айтуынша, балконда шегілген темекіден өрт шығып, жалын аз уақытта пәтердің сыртқы бөлігін шарпыған.

Оқиға болған сәтте пәтер иесінің күйеуі жұмыста болған. Үйде әйелі мен баласы ұйықтап жатқан. Бұл жағдайды тұрғындар дер кезінде байқап, өртті сөндіру қызметі шұғыл жетіп үлгерді. Балкон толық өртеніп кеткенімен, асүйге оттың өтпеуіне балкон есігінің жабық тұруы себеп болды.

Көршілердің айтуынша, жалын өршіп кеткен жағдайда үлкен апатқа әкелуі мүмкін еді. Қазір тұрғындар балконда темекі шегудің қауіптілігін қызу талқылап жатыр. Әлеуметтік желіде де жұртшылық «темекі шегуге заңмен қатаң тыйым салу керек» деген пікір айтуда. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...