"Балаларыңызды тартып аламыз": Жалғызбасты анаға пранк жасаған "Харекет" қоры сынның астында қалды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
134

Желі қолданушылары жалғызбасты ананы “балаларыңды тартып аламыз” деп қорқытып, пранк жасаған “Харекет” қорының әрекетіне наразылық білдіруде, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

“Харекет” қоры жариялаған видеода үш баласы бар жалғызбасты ананың ауыр тағдыры көрсетілген. Видеода байқағандай үйге Ақмарал Басирова келіп, өзін “балалардың құқығын қорғау комитеті қызметкерімін” деп таныстырып, үйдің жағдайын сұрайды. Соңында балалар мұндай үйде өмір сүре алмайтынын және оларды алып кететінін айтады. Ана балаларын құшақтап, бермейтінін айтып жылайды. Балалар мен ананың жылаған кадрлары көптің көңілін босатты. Осы кезде Басирова кілтті ұсынып, оларға жаңа пәтер берілетінін түсіндіреді.

Дегенмен, әсерлі видеоның артында балалардың сол сәттегі қорқынышы жатқанын ескерген желі қолданушысы Шалқар Қуанышбаев балаларды қорқытуға болмайтынынжазған. 

“Жесір ана мен үш бүлдіршіні жылап жатыр. Үй алғандарына қуанып емес, “Харекет” қорының пранкіне шошып жылап қалды. Ескі үйде тұрып жатқан отбасыға комиссия болып келіп, “Бұл үйде қалай тұрып жатырсыздар? Балаларды алып кетеміз” деп қорқытқан. Соңында үй сыйлап, пранк дейді. Айналайындар-ау, көмек берсеңдер, пранк жасамай-ақ беріңдерші. Онсыз да өмірден қажып, жүйкесі жұқарып кеткен адамдар ғой. Үй сыйлап қуантудың алдында оларды жылатып, балаларынан айырамыз деп қорқытудың не қажеті бар?”, – деді ол. 

Одан бөлек, желіде пікір жазушылардың көпшілігі маркетинг жұмысын өзгерту керегін айтады.

“Контент үшін ғой. Қазіргі маркетингте адамгершілік, эмпатия жоқ дерсің. Пранк/сранксыз-ақ, садақаны саламыз ғой”, “Мынау пранк басынғандық және бассыздық! Кімнің идеясы болса да, адамгершіліктен жұрдай екен. Халықтың ақшасы – аманат! Ойнап есерсоқтанып, мұқтаждың мұңымен ойнасын деп берген жоқ. Анасының моральды қалай қиналғанын елестету де қиын. Өзі қиналып тұрғанда”, “Балаларды видеоға түсірудің не қажеті бар? Үй алып, көмектестіңіздер, көп рахмет. Алайда мұның бәрін жарияға көрсетіп, балалардың түрін салып керек емес”, – деп жазды желідегілер. 

ӘДЕБИЕТ

Қазіргі жаһандану үдей түскен заманда Қасымхан Бегманов «Бақыт деген – қазақ болып қал...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қонаев қаласының соты 8 мыңнан астам адамды тартып, 21 млрд теңгеден астам қаражат жинаған Amanat Dr...