156 шахтер мен қызметкерге жалақы төленбей келген

Фото: шедеврум

ЖАҢАЛЫҚТАР
2173

Ақтөбеде шахтерлер мен коммуналдық кәсіпорын қызметкерлеріне жалақы төленбеген, деп хабарлайды  madeniportal.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық прокуратурасымен "Оңтүстік шахта құрылыс" ЖШС-ның 156 жұмысшыға 165 млн теңгеден астам жалақы төлемеу дерегі анықталды.

Прокуратураның үйлестіруімен құқық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдар басшыларының қатысуымен кеңес өткізілді. Бұл жиынға "ҚазХром" ТҰК" АҚ басшылығы мен ЖШС-ның құрылтайшысы да шақырылды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде қарыз жалақы толығымен өтелді.

Басқа жағдайда, Шалқар аудандық прокуратурасымен "Ұлы Борсық" КМК-нің 519 қызметкерге 48 млн теңгеден астам жалақы қарызы анықталып, прокурорлық ықпал ету актісімен өтелді.

Осылайша, аталған кәсіпорындардағы 213 млн теңге болатын жалақы қарыздары өтеліп, жұмысшылардың құқықтары қалпына келтірілді.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар...