Сәрсемалиев туралы ақпарат таратқан «хакердің» ісі сотқа жетті

«Атыраулық хакер». ІІМ бейнежазбасынан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
389

Атыраудағы Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты іс туралы әлеуметтік желіде ақпарат таратқан азаматқа 12 эпизод бойынша айып тағылды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

Вице-министрдің айтуынша, күдікті Түркиядан Қазақстанға экстрадицияланған. Қазір тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданған.

«Ол қандай да бір деректер базасын аша алмайды. Ол алған және жариялаған ақпараттың бәрін біздің қызметкерлерден алған», – деді Әділов.

Оның сөзінше, ақпаратты берген қызметкерлер тиісті жазаларын алған.

Сонымен қатар фигурантқа алаяқтық бойынша 12 эпизодқа қатысты айып тағылған. Қазіргі уақытта іс сот өндірісінде болғандықтан, ІІМ өзге мәліметтерді жарияламады.

PESTEL

Ганада Uber такси қызметінің жүргізушісі үш әйелдің жыныстық зорлық-зомбылығына ұшырағанын мәлімде...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгінде жасанды интеллект технологиясы қарқынды дамып, адам өмірінің көптеген саласына еніп келеді....