Қазақстандық азамат бұрынғы сүйіктісіне сыйлаған MacBook-ты қайтарғысы келеді

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1271

Қазақстандық азамат бұрынғы сүйіктісіне сыйлаған MacBook-ты қайтарғысы келеді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Stan.kz-ке сілтеп.

Кездесіп жүргенде сүйіктісіне MacBook ноутбугын алып берген. Ол оны банк дүкенінен бөліп төлеу арқылы рәсімдеген. Қазір ол айына 66 мың теңгеден өтейді екен. Алайда жақында сүйіктісі қарым-қатынасты тоқтатқысы келетінін айтқан. Ал жігіт оған берген ноутбукты қайтаруын сұраған. Бірақ бойжеткен сыйлық ретінде берілгенін айтып, құрылғыны қайтарудан бас тартқан. Енді жігіт полицияға арыз жазып, ноутбукты қайтарып алуға ниетті.

Заңгер Нұрсұлтан Орынбековтың айтуынша, жігіт ноутбукты тек уақытша пайдалануға бергенін, не сыйға тартпағанын дәлелдей алса, құрылғыны қайтаруды талап етуге құқылы. Ол азаматтық сотқа жүгініп, құрылғыны иелігіне қайтару туралы талап-арыз бере алады.

Мұндай іс Азаматтық кодекстің 188-бабы – меншік құқығы, 240-бап – бөтен мүлікті иеленіп алу, 506-бап – сыйға тарту шарты бойынша қаралады. Дегенмен қыз, керісінше, ноутбуктың сыйлық екенін растаса, оның да қайтармауға негізі бар.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...