«Баламыздың жағдайы қорқынышты» Өскеменде тағы бір сарбаз ауруханаға түсті

видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
116

Шығыс Қазақстан облысында Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаз психикалық денсаулық орталығына жатқызылды. Жарты жыл бұрын Қостанайдан әскерге аттанған Станислав Партоленконың денсаулығы күрт нашарлаған. Туыстарының айтуынша, жас жігіт сөйлей алмай қалған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Информбюро жазды. Сарбаздың әкесі ұлымен кездесу үшін Өскеменге арнайы барған. Алайда баласының қазіргі жағдайын көрген ата-анасы алаңдаулы.

«Станиславтың әкесі Өскеменге барды. Баламызбен әрең кездесті. Оның жағдайын көріп, жұмсартып айтқанда, қорқынышты деуге болады. Ол сөйлеспейді, тек қана міңгірлейді. Қолын көтере алмайды, тіпті қаламсапты қолына ала алмай қойды», – дейді сарбаздың анасы Татьяна.

Өскемен гарнизонында әскери қызмет атқарған сарбаз 19 қарашада жергілікті психикалық денсаулық орталығына шұғыл жатқызылған. Әскери бөлім өкілдері мұны жауынгердің психоэмоционалдық жағдайының күрт нашарлауымен түсіндірген.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі сарбазға қатысты әлімжеттік немесе қысым көрсету деректері анықталмағанын мәлімдеген.

«Қазіргі уақытта Станислав Партоленко әкесінің талабына байланысты Қорғаныс министрлігінің «Бас әскери клиникалық госпиталіне» әскери-дәрігерлік комиссиядан өту үшін әкесі мен әскери бөлім өкілдерімен бірге Астана қаласына жолға шықты. Сондай-ақ Станислав Партоленкодан да, оның ата-анасынан да әскери қызмет жағдайына, сарбаздар арасындағы қарым-қатынасқа немесе командирлердің әрекеттеріне қатысты ешқандай шағым түспеген», – делінген министрлік хабарламасында.

Сарбаздың денсаулығының күрт нашарлауына не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Шоу-бизнес

Қазақ эстрадасының жұлдызы Тамара Асар қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz....

Шоу-бизнес

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы әлеуметтік желіде өзіне қатысты ж...