Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілетін іс-шаралар шеңберінде Франциядағы Қазақстан...
Астанада 6 келіден асатын алып бала дүниеге келді
Фото: ЖИ
Астанада салмағы 6 келіден асатын ұл бала дүниеге келді. Нәрестенің салмағы 6 келі 140 грамм болса, бойы 64 сантиметр болған. Бұл туралы қалалық перинаталдық орталық хабарлады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Медициналық мекеме мәліметінше, сәбидің дүниеге келуі үшін дәрігерлер операциялық босандыру әдісін қолданған. Қазіргі уақытта анасы мен баланың жағдайы бірқалыпты. Нәрестеге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Перинаталдық орталықтың мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы 10 айында салмағы 4 келіден асатын 929 нәресте дүниеге келген. Оның ішінде 11 сәбидің салмағы 5 келіден жоғары болған.
Ал 2025 жылы орталықта салмағы 4 келіден асатын 1150 нәресте тіркелген. Олардың 20-сы 5 келіден жоғары салмақпен туған.
Дәрігерлер ірі салмақпен дүниеге келетін нәрестелердің тууы ана мен бала үшін белгілі бір қауіп факторларын туындатуы мүмкін екенін ескертеді. Мұндай жағдайда босану кезінде жарақат алу, босанғаннан кейін қан кету және операциялық босандыру қажеттілігі сияқты асқынулардың ықтималдығы артады.
Мамандардың айтуынша, нәрестенің туған кездегі салмағы оның болашақтағы метаболикалық денсаулығына да әсер етуі мүмкін.