21 мамыр Алматыда өткен ресейлік әнші Моттың концертінде жанжал шықты, деп хабарлайды MadeniPortal.k...
«10–20 жылға дейін сотталады»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі мәлімдеме жасады
ашық дереккөз
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы әлеуметтік желіде өзіне қатысты жазба жариялап, суреттері мен видеоларын рұқсатсыз пайдаланып жүргендерге ескерту жасады. Ол бұған дейін үнсіз жүруінің себебін түсіндіріп, енді заң аясында әрекет ететінін мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Айман Талғатқызының айтуынша, ол әлеуметтік желідегі өзіне қатысты материалдарды нотариус арқылы тіркеп, дәлелдер жинаған. Сондай-ақ оның атынан жалған парақша ашып, жазба жариялап жүргендерге қатысты шара қолданбақ.
«Үндемегенді әлсіздік демеңдер. Былқып болған шығарсыңдар. Мысалы, TikTok-та мен болып фан-парақша ашып, елдің ашуына тиіп, мен болып жүрегізіп отырған парақша иесіне 10–20 жыл арасында грозит», – деді ол.
Айман бұл мәселеге адвокат, сарапшы және нотариус тартқанын айтып, осы уақытқа дейін барлық материалды тіркеумен айналысқанын жеткізді.
«Адвокатым, эксперт, нотариус, IP анықтайтын орган, бәрін фиксировать етіп, предс, инста, тик-ток бәрін тіркеп алғанша үндемедім. Ал енді ұйқыларың тыныш болсын! Жанталасып комменттеріңді өшіріп жатырсыңдар ғой. Ешқандай кешірім қабылдамаймын», – деп жазды Айман Талғатқызы.
Ол бұдан былай өзінің аты-жөнін, фотосуреттері мен видеоларын рұқсатсыз пайдаланғандарға қатысты дәлелдерді нотариус арқылы тіркейтінін ескертті.