Марқұм Арман Дүйсенов өмірінің соңғы айларында танымал әнші Индира Елемеске тиесілі жертөледе орнала...
Танымал әншінің шаңырағында қуаныш: Тамара Асар болашақ келінін көрсетті
Фото: әлеуметтік желіден
Қазақ эстрадасының жұлдызы Тамара Асар қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Өнер иесі ұлы мен болашақ келінінің бірге түскен суретін көпшілікке ұсынып, ақ тілегін білдірді.
«Алла бұйыртса. Оң болсын, жарықтарым!» – деп жазды Тамара Асар.
Желі қолданушылары да әншінің қуанышына ортақтасып, болашақ жас жұбайларға ізгі тілектерін жаудырды.
«Келініңіз құтты болсын!», «Оң болсын!» деп жылы лебіздерін білдірді.
Тамара Асар – қазақ эстрадасының танымал әншісі, Қазақстанның халық әртісі, еңбек сіңірген қайраткері. Ол 1976 жылы 16 шілдеде Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылында дүниеге келген.
Әнші музыкалық білім алып, шығармашылық жолын Маңғыстау облыстық филармониясынан бастаған. Кейін «Ақ жауын», «Айгүл», «Ұлар», «Гүлдер» ансамбльдерінде өнер көрсетті. «Ариайдай», «Жалғыз досым», «Ренжімеші» секілді әндері арқылы халыққа кеңінен танылды.
Тамара Асардың өмірінде ауыр сынақтар да болды. 1990-жылдардың соңында жол апатына ұшырап, ұзақ уақыт емделді. Алайда қиындыққа мойымай, 2005 жылы қайтадан сахнаға оралды.
Өнер иесі 2014 жылы «Құрмет» орденімен марапатталып, 2019 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанды. Ал 2025 жылы оған «Қазақстанның халық әртісі» атағы берілді.