Шымкентте 26 жастағы Диана Оңғарбаеваны туыстары ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлады MADENIPO...
«Бақұл бол, досым»: Танымал әзілкеш Жанболат қаралы хабар айтты
Фото: Видеодан кадр
1167
Танымал актер, "Өнер қырандары" әзіл-сықақ театрының мүшесі Жанболат Найзабеков желідегі парақшасында қаралы хабармен бөлісті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Ол жақын отбасылық досынан айырылып қалғанын айтты.
"Кеше ғана сөйлесіп, қал-жағдай сұрасып отырып, бүгін жайсыз хабар естіген қандай жаман. Досым-ай. Сіздер танымайсыздар. Отбасымызбен араласатын жақын досымыз. Өте жақсы, сыйлы адам. Дос дегенге тұрарлық азамат. Ажал ғой, айтып келмейді. Досымызды ақтық сапарға шығарып салуға Жаркентке келдік. Кімнің қашан өлерін ешкім білмейміз. Ренішсіз өмір сүрейік", - деді ол.