Өзінің сал ауруына шалдыққан қызын зорлаған адам “әділдік іздейді”

Фото: freepik

Жаңалықтар
322

Анасы сал ауруына шалдыққан қызын өз әкесі зорлады деп күдіктенеді, деп хабарлайды madeniportal.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл сұмдық оқиға Қырғызстанда болған. Жергілікті басылымдарға сұхбат берген қыздың анасы сұмдық жағдайдың бетін ашты. Әйелдің айтуынша, ол күйеуінен ұзақ уақыт бойы зорлық-зомбылық көріп келеді. Ер адам әйелін жиі ұрады екен. Ол 30 желтоқсанда Таластан Бішкекке келіп, ұйықтар алдында жанжал шығарады. Мас күйеуі әйелін ұрып-соғып, күшпен сыртқа шығарып жіберген.

Әйел үйге кіре алмай, науқас қызы болғандықтан полицияға жүгінген. Полицейлер шамамен бір сағаттан кейін келіп, ер адамның үйде ұйықтап жатқанын көреді. Олар ер адамды полиция бөліміне апарып, біраз уақыт сол жерде ұстады.

Әйел таңертең қызының іш киімі бүлінгенін көріп, дереу ауруханаға барған. Сол жерде қыздың зорланғаны белгілі болды.

Қыз 2007 жылы туған. Анасы қызын өз әкесі зорлағанына сенімді. Қазіргі уақытта барлық сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша шешімдер қабылданатын болады.

Ер адам қызын зорламағанынайтып ақталып жатыр.

Жаңалықтар

"Жігіттер" квартетінің әншісі Ердос Қанаев өнерден кетуге қатысты пікір білдірді. Шоу-бизнес жұлдызы...

Жаңалықтар

Қостанайда 16 жастағы жасөспірім анасын қорғаймын деп жүрек тұсынан пышақталды, деп хабарлайды maden...