Бас мүфти Наурызбай қажы сүйінші сұрап, ерекше жазба жариялады

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
515

Еліміздің бас мүфтиі Наурызбай Тағанұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жұрттан сүйінші сұрап, ерекше жазба жариялады деп хабарлады MadeniPortal.kz.

"Ассалаумағалейкум, қадірлі ағайын!

Бүгін тұңғыш ұлым Рамазан Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті жанындағы әскери кафедраны тәмамдап, әскери ант қабылдап, алғашқы әскери шеніне ие болды.

Әрбір әке үшін перзентінің білім алып, азамат болып қалыптасуы, ел алдындағы жауапкершілігін терең сезінуі – үлкен қуаныш. Отанға адал қызмет ету, елдің амандығы мен тыныштығын қадірлеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы.

Осы қуанышты сәтте ұлым Рамазанды және бүгін әскери ант қабылдаған барша жастарды құттықтаймын. Алла Тағала қадамдарына береке беріп, халқына қалтқысыз қызмет ететін білімді, парасатты әрі отаншыл азаматтардың қатарынан болуды нәсіп етсін.

Еліміздің көк туы әрдайым биікте желбіреп, тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!" Деп жазды бас мүфти. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәскеуде дәрігерлер 250-ден астам магнитті шарик жұтып қойған екі жасар қыздың өмірін сақтап қалды,...

АЙМАҚТАР

"Қазгидромет" ресми сайтында Алматы мен тағы бес қаланың тұрғындарына ескерту жариялады, деп хабарла...