Елбасы Бибігүл Төлегенованы 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтады

ЖАҢАЛЫҚТАР
4679

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегеновамен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Бибігүл Төлегенованы 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. 

Тұңғыш Президент әйгілі әншінің шығармашылығымен алғаш танысқан кездерін еске алып, Бибігүл Төлегенованың халықтың ықыласына бөленген дарынды жан екенін атап өтті. Сосын әншіге ұзақ ғұмыр тілеп, тақауда өткен концертінің жоғары деңгейде болғанын айтты. 

Бибігүл Төлегенова Тұңғыш Президент қорының демеушілігімен өткен вокалистер байқауының қорытындысына тоқталып, Елбасының ел мәдениетін дамыту жолындағы зор еңбегін ерекше атап өтті.


24.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайғылы жағдайда қаза тапқан 14 әскери қызметшінің отбасына жиналған қаржылай көмек табысталды. Қара...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде терроризмді насихаттады деп айыпталған ер адам 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды, деп...