Белгілі сценарист Нұрлан Санжар жансақтау бөліміне түсті

Коллаж: kazakhfilm.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2178

Танымал сценарист Нұрлан Санжар өкпенің қатерлі ісігіне шалдыққан. Бүгін ол жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Сценарист бұған дейін өкпенің қатерлі ісігімен ауырып ауруханаға түскен еді.

Киносценарист, жазушы, философия ғылымдарының кандидаты Нұрлан Санжар Еуропадағы Lambert академиялық баспасынан алты ғылыми кітабы жарық көрген ғалым. “Жошы”, “Бату”, “Періште”, “Қызыл қар” романдарының авторы. Бұған қоса, баспадан шықпаған тоғыз қолжазбасы бар. Киносценарист ретінде де ол қазақ кино өнеріне өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Оның “Оралман”, “Өліара”, “Аллажар” фильмдері қазақ киносының қоржынына қосылған үлкен мұра.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық ерлер киімі бренді Shoqan-ның негізін қалаушы Ұлықбек Шәріпов Борат бейнесі қолданылған...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шу аудандық соты студенттің әкесіне қатысты оқу кезеңіне алимент өндіріп алу туралы талап қоюы бойын...