Мектептегі сыныптастар кездесуіне барған әйелді күйеуі атып тастады

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
5253

Ош облысының Өзген ауданында 40 жастағы ер адам әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ el.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы Ош облыстық ішкі істер басқармасы хабарлады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қылмыс қызғаныш себептерінен орын алған. Олардың айтуынша, күдікті әйелін мектептегі сыныптастар кездесуіне барғаннан кейін бұрынғы сыныптасынан қызғанып, соққыға жыққан және оқ атқан.

A. B. әйелін ұрып-соғып, кейін оған оқ атқан, – деп нақтылады ішкі істер басқармасында.

Ош облысының Өзген аудандық ішкі істер бөліміне 26 мамыр күні Кара-Кульджин ауданында тұратын 1987 жылы туған А. Э. есімді әйелдің жарақат алып, ауруханаға бара жатқан жолда қаза тапқаны туралы хабарлама түскен. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...