Отырарда ақын Мұхтар Шахановтың жаназасы шығарылды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
844

Қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері, "Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны" атағының иегері Мұхтар Шахановтың жаназасы Түркістан облысында өтті, деп хабарлады  MadeniPortal.kz.

Ақынның мәйіті туған жері – Отырар ауданындағы қара шаңырағынан соңғы сапарға шығарылды.

Қаралы рәсімге тек оңтүстік өңірдің тұрғындары ғана емес, еліміздің әр аймағынан келген зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ қалың жұртшылық жиналып, ақынмен қоштасты.